Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірім: Сотқа дейінгі тергеу басталды
«Сотқа дейінгі тергеу барысында, он төрт жастағы Ф. есімді жасөспірімнің 2 қаңтарда, Көктөбе саябағының аумағындағы аттракционнан құлап, аяқ-қолының сынғаны анықталды. Зардап шеккен жасөспірімнің туыстары бұл жағдай бойынша ешкімге шағымданбайтындығын, баланың аттракционнан байқаусызда құлап кеткенін жеткізді», - дейді Алматы қалалық ПД.
Жәбірленуші тарап шағым түсірмесе де, Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұған дейін, Көктөбедегі аттракционда құлаған жасөспірімнің видеосы әлеуметтік желіде пайда болған еді.
Кейін дәргерлер жасөсіпірімнің жағдайы туралы айтты. Бала ауруханаға түскенде дәрігерлер медициналық тексеру жүргізіп, науқастың қол-аяғы көп жерінен сынғанын анықтады.
Еске салайық, оқыс оқиға Көктөбе демалыс орнында 2 қаңтар күні болды.