Көктөбедегі өрт сөндірілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Көктөбе баурайында тұтанған өрт толығымен сөндірілді. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«6 қыркүйек күні сағат 18:58-де Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78-үй маңындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

Келген бойда алдын ала болжам бойынша 3 га алаңда тау баурайы учаскелерінің жанып жатқаны анықталды. Қаланың өзара іс-қимыл қызметтерінің күштері мен құралдары дереу ұлғайтылды. Сөндіру күрделі рельефпен, желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады.

Қабылданған жедел шаралармен сағат 20:22-де толық оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 20:35-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Көктөбе саябағы мен қоғамдық тамақтану орындарынан адамдар эвакуацияланды.

Оқиға орнына 17 өрт сөндіру техникасы мен суару машиналары, жеке құрамнан 130 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұдан бөлек, бүгін таңғы сағат 11:08 шамасында Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған шөп жана бастаған болатын.

Ал Кеңсай зираты аумағында тұтанған табиғи өртті сөндірумен қазір 100-ден астам адам айналысып жатыр.






Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар