Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол көлік қозғалысын шектеуге қатысты шұғыл ақпарат жариялады.

3 облыста көлік қозғалысы шектеле
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бүгін, 8 қарашада сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, көріну шектеулігі) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола облысы:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек.» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

«Астана – Ерейментау – Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды ертең, 9 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Қазгидромет 8 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар