Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасындату) "Астана-Павлодар" тас жолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.
None
None

Сондай-ақ 26 наурыз күні "Астана-Көкшетау" тас жолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды. Ал "Астана-Қарағанды" жолында қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ) "Астана-Ерейментау-Шідерті" (16-205 шақырым) тас жолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді. Сондай-ақ «Қызылорда-Павлодар» тас жолының «Атасу-Топар» бөлігі (753-905 шақырымы) және «Екатеринбург-Алматы» тас жолының «Қарағанды-Балқаш» учаскесі (1492-1854 шақырымы) жаяу борасынға және жолдың нашар көрінуіне байланысты жабылды.

Соңғы жаңалықтар