Қолда бар ресурстарды сарқа пайдалану адамзатты жаңа қақтығыстарға итермелейді - ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің төрағасы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пікірінше, экономикалық жаһандасу үдерісі көптеген елдерді біріктіріп, адамзат терең ықпалдасқан қоғамдастыққа айналды. Осыған орай қазір осы қоғамда болып жатқан оқиғалардың барлығы да көпшілікке ортақ мәселелер. «Осындай жағдайда әлемдік қауымдастық экономикалық дағдарыс, қоршаған ортаны қорғау, энергия зәрулігі мен табиғи ресурстардың жетімсіздігі, табиғат апаттар сияқты өзге де проблемалармен мен бірлесіп күресулері керек. Сондай-ақ олар этникааарлық қайшылықтар, діни көзқарастардың қарсылығы сияқты мәселелердің алдын алуға да бірігіп, күш жұмылдырулары керек»,- деді төраға.
Оның пайымдауынша, бүгінде өмірімізге дендеп еніп бара жатқан жаһандану үдерісі мәдениеттердің жаһандануы бола алмайды. Алайда оның бүгінгі қоғамды алаңдатып отырғаны рас. «Ал оған қарсы тұру адамдардың өздерінің рухани әлемдерін қорғауға тырысуының көрінісі. Адамдардың рухани өмірі әралуандылыққа толы болғаны абзал және ол адамзаттың нақты қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Ғаламның ресурстарын сарқа пайдалану адамзатты үлкен қақтығыстарға жетелейді. Ал оның нәтижесінде біздің бай рухани дүниелеріміз құрбан болады», - деді мәртебелі мейман.
Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің төрағасы: «Дін адамзат дамуының негізі. Адамдардың түрлі көзқарастағы сенімдері әлемде әртүрлі жағдай тудырып отыр. Ал Қазақстан ата-бабаларынан келе жатқан рухани құндылықтарды сақтап қала алды», - деген пікірін білдірді.
«Біз осы диалогтың арқасында жалпыға ортақ құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік аламыз деген ойдамын. Баршаға мәлім өркениеттердің дамуы мен діни сенімдер тарихы бір ғана ортақ мақсатты көздейді. Ол бейбітшілік, келісім мен табиғи үйлесімділік. Ал мәдениет пен түрлі көзқарастар негізінде қалыптасқан әралуандылық біздің алдымызда тұрған келеңсіздіктермен күресуге зор мүмкіндік береді. Бүгінгі біздің ортақ түсініктер негізінде қалыптасып отырған диалогымыз біздің басты мақсаттарымыздың орындалуына демеу болады деген ойдамын», - деді Олабий Бабалола Жозеф .