Қолданыстағы кәсіпорындарды ауқымды жаңғырту бойынша «Өнімділік - 2020» бағдарламасы қабылданатын болады

АНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қолданыстағы кәсіпорындарды ауқымды жаңғырту бойынша «Өнімділік - 2020» бағдарламасы қабылданатын болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Үкіметтің, Ұлтық банктің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2011 жылдағы экономикалық саясатының негізгі бағыттарын таныстыру кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

«Экономика салаларындағы өнімділікті арттыруға ынталандыру үшін қолданыстағы кәсіпорындарды ауқымды жаңғырту бойынша «Өнімділік - 2020» бағдарламасы қабылданатын болады»,-деді министр Үкімет отырысында.

Ж. Айтжанованың сөзіне қарағанда, 2011 жылы Индустриялды-инновациялық дамудың бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың қайта өңдеу секторларына, сондай-ақ елдің инфрақұрылымын дамытуға ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстары барынша жандандырылатын болады. Мұнымен қоса Индустриялдандыру картасы шеңберінде жаңа индустриялды және инновациялық жобалар қосымша іске қосылатын болады.

«Бизнеске шикізат емес экспортты одан әрі жылжытуда және жаңа технологияларды енгізуде жүйелі көмек көрсетілетін болады»,-деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар