«Қолдау»: Жеке тұлғаның банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қолдау» атты жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов айтты.

Прокуратура суицидке итермелеуі мүмкін 15 мың сайт пен сілтемені бұғаттады
Фото: Kazinform

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа «Қолдау» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өтініш беруші өтініштің статусы мен уәкілетті органның шешімін осы жүйеде көре алады. Сондай-ақ, бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған ақпаратты көреді. Бұл болашақта оның деректерді түзету үшін, сол немесе басқа органға хабарласу үшін өте ыңғайлы», - деді Сейілжан Ахметов.

Сонымен қатар, Qoldau жүйесінде кез келген адам нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 3 наурызында елімізде жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеуге өтініш қабылдау басталды.

Бұған дейін 2023 жылдың 3 наурызынан бері елімізде 17,9 мың азамат банкрот деп танылғаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар