22:06, 24 Тамыз 2023 | GMT +5
Көлде қайықпен жүзіп жүрген 35 жастағы Қостанай тұрғыны суға батып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны қайықпен жүзу кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 тамыз таңғы жетіде ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Қостанай ауданындағы Кошевицкое көлінен 1988 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарып алды.
21 тамыз сағат 18:30 шамасында ол «Мираж» моторлы пластик қайығына мініп бара жатқанда суға батып кеткен.
Шомылу маусымы аяқталуға жақын. Қостанайлық құтқарушылар халыққа су айдынына бармауды ұсынады.
Түнде су +10 градусқа дейін салқындайтындықтан күндіз ол қажетті +18 +20 градусқа дейін жылынып үлгермейді.
Қазір Тобылдағы судың температурасы +13 + 15 градус аралығында.
«Салқын суға шомылу көбіне гипотермияға әкеледі, аяқтың төменгі бөлігі құрысып қалуы мүмкін, салдарынан демалушылардың өміріне қауіп төнеді» деп ескертеді құтқарушылар.