12:55, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Көлігі сынып жолда қалған жолаушыларға шұғыл жәрдем көрсетілді
ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөрлі ауданы Облавка ауылы тұсында Мәскеуден Бұхараға бет алған екі автобус істен шығып, жүзден астам жолаушы жолда қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімдігі қызметкерлері жедел қимылдап, тіркемеге алынған автобустар Бөрлі ауылдық округына жеткізілді. Он екі адам аудандық ауруханаға түсті. Аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Идият Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, алтауы жатқызылды. Қазір олардың жағдайы жаман емес. Ал қалған жолаушылар ауыл әкімдігінде орналасып, оларды үш күн бойы жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Өзбекстандық азаматтарды алып қайту үшін Бұхарадан шыққан автобус Бейнеуде тұрып қалған. Жолаушылар Шымкентке дейін пойызбен аттандырылды.