Көлігін айдап әкеткендігі жөнінде жалған ақпарат берген көкшетаулық жауапқа тартылмақ

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көлігін айдап әкеткендігі жөнінде жалған ақпарат берген көкшетаулық жауапқа тартылмақ. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша 20 маусымда Көкшетау қалалық ІІБ-іне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 19 маусым күні сағат 03:00-де Абылай хан даңғылындағы «Жақсы» дәмханасының маңында тұрған «ВАЗ-2114» жеңіл көлігін белгісіз біреулер айдап әкеткенін айтқан.

«Аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалды.  Тергеу амалдары барысында анықталғандай көңіл көтеру орнынан ішімдік ішіп  үйіне қайтқан арызданушы танысына дәмхананың маңында тұрған көлікті үй маңына айдап әкелуді өтінген. Кейін сенгіш танысы аталған көлікті басқарып келе  жатқанда жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қолына түсіп, көлік иесі анықталғанша айып алаңына қойылады.

Келесі күні таңертең көлік иесі өзге таныстарының ұсынысы бойынша машинасын белгісіз біреу айдап әкетті деп полицияға арыз түсіреді.   Тергеу амалдары кезінде оның арамза ойы әшкерленеді.

Қазіргі кезде, арызданушының үстінен ҚР ҚК 419-бабының 2-тармағы бойынша (қылмыс туралы жалған ақпарат беру) қылмыстық өндірістік іс қозғалды. Аталған бап бойынша оның қылмысы дәлелденіп жатса, онда оған үш мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл немесе үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар