Көлік ағылып жатқан көшеде мысықты құтқарған жүргізуші Интернет жұлдызына айналды
АСТАНА, ҚазАқпарат - Бейнебақылау камерасы ерекше көрініс - Калининградтағы көлік ағылып жатқан көше үстінде қалған марғауды (мысықтың баласы) құтқарған ерекше оқиғаны түсірген.
Одан машинадан түсіп қалған кішкентай марғау ағылып жатқан көліктердің арасында қалғанын көруге болады. Тіпті ол қорыққаннан қашуға да әрекет жасамаған. Ал тап жанынан қатты жылдамдықпен машиналар толассыз ағылып жатыр.
Бірақ, арада бірнеше минут өткен сәтте бір көлік тоқтап, кабинадан шыққан жүргізуші әбден қорыққан марғауды көтеріп, машинасына алып кетті, деп хабарлайды rosbalt.ru.