Көлік апатына ұрынған қырғыз прокурорының машинасынан қылмыстық істер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласының Первомайское аудандық прокурорының көмекшісі Данияр Сейталиевтің көлігінен 25 тоқтатылған қылмыстық істің папкілері табылды, деп хабарлайды 24.kg .

Көлік апатына ұрынған қырғыз прокурорының машинасынан қылмыстық істер  табылды

Бұл ақпаратты елдің Бас прокуратурасы растады. Қырғызстан заңы бойынша барлық қылмыстық істердің папкалары қадағалау органының кеңсесінде сақталуы тиіс.

19 шілдеде Данияр Сейталиев Ыстықкөл облысынан іссапардан келе жатып, жол көлігі апатына ұрынған. Оның Toyota 4Runner автокөлігі қарсы келе жатқан Хонда-Стримге соғылды. Көлікті басқарған бойжеткен бала оқиға орнында көз жұмды.

«Сейталиевтің көлігінен қылмыстық істер табылды, ал көлік құралының өзі қазір айып тұрағында», - деді ІІМ ПМБ.

Қырғызстан Бас прокуратурасы Сейталиевті бір айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғандығын мәлім етті. Сондай-ақ, Патрульдік милиция басқармасының бастапқы деректеріне сенсек, прокурор көмекшісінің мас күйде көлік басқарғандығы анықталған.