Көлік министрлігін қайта құру қажет - Қанат Әлмағамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көлік қызметкерлері одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов көлік министрлігін қайта құру мәселесін көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстанда көлік саласы ішкі жалпы өнімнің 8 процентін алып отыр. Дегенмен, аталған көрсеткішті әлі де арттыруға болады. Жақында біз Литвада болдық. Ол жақта көлік саласының үлесі 13-15 процентті құрайды. Біз де осы көрсеткішке жетуіміз керек. Географиялық жағдайымызды барынша пайдалануымыз қажет. Меніңше, бүгінде көлік саясатын үйлестіретін арнайы органды құрудың уақыты келді. Бұны бизнес те қалап отыр. Аталған орган шетелдік компаниялармен жұмыс жасап, транзитті реттеуі тиіс. Сөйтіп, жүк тасымалын арттыруымыз қажет», - деді Қ.Әлмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бұрынғы көлік министрлігін қайта жаңғырту қажет.

«Ол бізге ауадай қажет. Жеріміз үлкен. Осыны тиімді падаланғанымыз дұрыс. Осы уақытқа дейін инфрақұрылымға біраз ақша салып, логистика желілерін құрып алдық. Енді, осының бәрін дұрыс басқарып, тиімді пайдалану үшін арнайы органның болғаны дұрыс», - деп атап көрсетті Қ.Әлмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар