Көлік полицейі Қырғызстан азаматына елордада жүрген жиенін тауып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейі Қырғызстан азаматына елордада жүрген жиенін тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 27 наурыз күні Қазақстанның көлік полициясына Қырғызстаннан Вера Горток қоңырау шалған.

Әйел адам Нұр-Сұлтан қаласына кеткен жиені екі күн бойы байланысқа шықпағандықтан, өзінің қобалжып отырғанын жеткізді. Бұдан соң полицейлерден жиенін іздеуді өтінді.

Кезекші инспектор Ренат Сүлейменов дереу іздестіру шараларын қабылдады.

Вокзал маңынан жас жігітті таппаған тәртіп сақшысы қаладағы барлық полиция бөлімшелері мен ауруханаларға қоңырау шалды.

Шамамен 2,5 сағаттан кейін жоғалған жігіттің орналасқан жері анықталды. Ол елордадағы медицина мекемелерінің бірінде екен.

«Ренат Қырғызстанға хабарласып, маған жиенімнің қайда екендігін айтып, көңілімді бірледі. Мен оның адамгершілігі мен кәсібилігі үшін алғыс айтамын», деді Вера Горток.

Ол сондай-ақ полиция генерал-майоры Оңал Бекеев басшылық ететін Көліктегі полиция департаменті қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда полиция ғимаратына шабуыл жасағандардың бірі ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар