Көлік полицейлері 25 мыңнан аса құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 25 мыңнан астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Көлік полицейлері 25 мыңнан аса құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы көлемі 36 млн-ға жуық теңгені құрады.

Мысалы, көлік полицейлері қоғамдық орындарда тиісу, яғни, ҚР ӘҚБтК 449-бабы бойынша 352 құқық бұзушыны, соның ішінде 189 такси жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.