Көлік полицейлері «Алматы-Атырау» жүрдек пойызының жолаушысынан 2 келі героин тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпанда жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе стансасында желілік ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Атырау» қатынасы (Тальго) бойынша жүрдек пойызының вагонынан Жамбыл облысы Тараз қаласының 45 жастағы тумасын ұстады.
Тексеру барысында күдіктіден есірткі заттары тәркіленді.
Сараптамаға сәйкес тәркіленген зат 1 келі 971 грамм салмақпен «героин» есірткі заты болып шықты.
Бұл факті Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімінің бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді (ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлімі бойынша).
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.