Көлік полицейлері мамыр айындағы мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 1-3 және 7-10 мамыр аралығында Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы «Қазақстан халқының бірлігі Күнін», «Отан қорғаушылар күнін» және «Жеңіс күнін» мерекелеу кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік полицейлері мамыр айындағы мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді

Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтың айтуынша, басшы құрамынан жауапты лауазымды адамдардың кезекшілігі бекітілді. Оқиға орнына жедел шығу және қылмыстарды «ізін суытпай» ашуды қамтамасыз ету мақсатында қосымша кезекші жедел-тергеу тобы құрылмақ. Бұған қоса, департаменттің қызмет көрсету аумағында, қоғамдық орындарда, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданбақ.

Күшейтілген қызмет өткеру барысында маңызды және аса маңызды нысандарды, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күзету күшейтілмек.