Көлік полицейлері Павлодар әуежайында елімізде заңсыз жүрген екі АҚШ азаматын ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 маусымда «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» акциясын жүргізу кезінде Павлодар стансаясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласы әуежайында «Павлодар-Мәскеу» әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде бұрын Қазақстан Республикасының азаматтары болған, Америка Құрама Штатының 2 азаматын анықтап, ұстады.
None
None

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың бірі, 2007 жылы Павлодар қаласынан кетіп, 2012 жылы ресми түрде АҚШ азаматтығын алған Минисот штатының Иган қаласының 43 жастағы тұрғыны. Екіншісі, 2014 жылы АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Шакопи қаласының 82 жастағы тұрғыны болып шықты.

Құжаттарды тексеру барысында олардың 2016 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан аумағына келіп, АҚШ азаматтары бола тұра Қазақстан Республикасының төлқұжаттарын пайдаланғаны, яғни, ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды.

Аталған факт бойынша көлік полицейлері АҚШ азаматтарының үстінен ӘҚБтҚ РК 496-бабының 1-тармағы бойынша (ҚР азаматтығынан айырылған адамның ҚР азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы) әкімшілік хаттама толтырып, олардың әрқайсысынан 100 АЕК, яғни 212 100 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Соңғы жаңалықтар