Көлік полицейлері Семейдің 44 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 маусым күні Луговая станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері «Көкнар» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында, «Мэрли» лақап атты қызметтік-іздестіру итінің қөмегімен, «Тәтті-Аспара» өткелінде Семей қаласының 1972 жылы туған тұрғынын ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 264 келі 210 граммды құрайтын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде  ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар