Көлік полицейлері тоғыз айда 41 мың құқық бұзушыны жазаға тартты

Ағымдағы жылғы 13 қазан күні Шымкент қаласында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті, деп хабарлайды аталған департаменттің баспасөз қызметі.
None
None

Басқосу барысында ведомствоның 2017 жылғы 9 айда атқарған жұмыстары талқыланып, алдағы уақытта атқарылар міндеттер айқындалды. Кеңеске  департаменттің басшылық құрамы мен желілік бөліністердің басшылары қатысты. 

Басқосуды ашқан департамент бастығы полиция полковнигі Аманжол Жайғалиұлы Қабылов республиканың темір жол және әуе көлігі нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыруға  басты назар аударды.   Сондай-ақ, ол қызмет көрсету аумағындағы азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңі ішінде департаменттің қызмет көрсету аумағында 1985 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 1289-і қылмыс пен 696-ы қылмыстық  теріс қылықтар.

Жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыстар санын 11,2 %-ға, оның ішінде ауыр қылмыстар санын 18,6 %-ға, орташа ауыр қылмыстар санын 25,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Сондай-ақ есепті кезең ішінде қылмыскерлерді іздестіру бойынша нақты жұмыстар атқарылып, соның нәтижесінде ІІО-нан жасырынып жүрген 19 қылмыскер құрықталған.

Есірткінің заңсыз айналымының 67 фактісі анықталды, оның 11 фактісі есірткі контрабандасына қатысты. Есірткінің заңсыз айналымынан 188 келі түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ айтулы кезең ішінде 41 947 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел кеңесте желілік бөлініс басшыларының есептері тыңдалды.

Сондай-ақ кеңес барысында департамент жеке құрамы арасындағы тәртіп пен заңдылықты, жауынгерлік-қызметтік даярлықты нығайту, жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу барысындағы кадрлық саясат мәселелері де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар