Көлік полицейлері заңсыз айналымнан 20 заңсыз сақталған от шашу қаруын тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД-нің қызмет көрсету аумағында өткізілген «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында заңсыз айналымнан 20 заңсыз сақталған от шашу қаруы тәркіленді, оның ішінде 5-уі тегіс ұңғылы, 2-уі шолақ мылтық, 2-уі газды, 12-сі электрлік, 1-уі травматикалық қарулар.
Сондай-ақ, заңсыз айналымнан заңсыз сақталған 6 дана шолақ қаруға арналған қару бөлшектерінің 2 фактісі анықталды.
Мәселен, Алматы стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлерімен «Қару» ЖПШ барысында Алматы-1 ст. темір жол вокзалының перронында Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынынан бір ұңғылы аңшы шолақ қаруы анықталып, тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.