Көлік полицейлері заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам әр түрлі есірткі заттары тәркіледі

АСТАНА. ҚазАпарат - Көліктегі ІІД Кинологиялық қызмет орталығының, Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальоны және Алматы-1 стансасындағы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен Алматы-1 ст. Ішкі істер желілік басқармасының және Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Көлік полицейлері заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам әр түрлі есірткі заттары тәркіледі

Оның нәтижесінде Қызылорда-Семей, Алматы-Павлодар, Алматы-Өскемен, Алматы-Астана жолаушылар пойыздарында есірткі бизнесіне қарсы күрес саласы бойынша 5 қылмыстық әрекет анықталды, заңсыз есірткі айналымынан 200 гр. астам әр түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша есірткі заттарын іздеуге дайындалған қызметтік иттердің көмегімен 100 астам есірткіге байланысты қылмыстар анықталды.

Сондай-ақ, осы мерзім аралығында Көліктегі Ішкі істер департаменті бөліністерімен заңсыз есірткі айналымына қатысты 202 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 24-і есірткіні сату фактісі, ал 7 оқиға есірткі затын контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша.

Заңсыз айналымнан 3 тонна 734 кг. астам әр түрлі есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды КІІД баспасөз қызметі.