Көлік полицейлері заңсыз айналымнан 8 тоннаға жуық есірткі заттарын тәркіледі

«Көкнәр-2013» жедел алдын-алу шарасын өткізу барысында департаменттің қызмет көрсету аумағында жолаушылар пойыздары мен әуе көлігі нысандарын тексеру үшін департаменттің есірткі бизнесіне қарсы күрес, криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, әкімшілік полициясы мен кинологиялық орталық қызметтерінен арнайы мобилдік топтар құрылды. Сондай-ақ, әуежайлар мен теміржол вокзалдарында заңсыз есірткі тасымалымен айналысатын тұлғаларды анықтау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында заңсыз есірткі айналымына қатысты 83 қылмыс анықталды, оның ішінде 32-сі өткізу фактісі. Сонымен қатар, 5 есірткі контрабандасының жолы кесілді.
Есірткі қылмысын жасағаны үшін 63 адам ұсталып, 152 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталмыш шара шеңберінде, заңсыз айналымнан 6 тонна 650 келіден аса түрлі есірткі заттары тәркіленді.
Айта кету керек, жыл басынан бері, есірткі қылмысына қатысты 214 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде, 91-і есірткі өткізу фактісі және 16-сы есірткі контрабандалық жолмен тасымалдау фактісі. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.