Көлік полицейлері жыл басынан 12 мың адамды әкімшілік жауапқа тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіпсіздікке жол бермеу, ұсақ құқық бұзушылыққа «нөл төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында көлік полицейлерімен бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.   
None
None

Департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, 2017 жылдың басынан бері департамент пен оның бөліністерінің қызметкерлері 12 030 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Соның ішінде «нөл төзімділік» қағидаты бойынша - 3 951, ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін - 357, қоғамдық орындарға мас күйде келгені үшін - 1482, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін - 1109, тәуліктің түнгі уақыттарында балалардың үлкендердің ілесіп жүруінсіз болғаны үшін - 79, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін - 770, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу бойынша - 154, соның ішінде - 88 такси жүргізушісі жауапкершілікке тартылды» - деді Т. Өтетілеуов.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 41 жасөспірім орналастырылды.   

Сондай-ақ, аталған мерзімде еліміздің көлік полицейлері тұрақты мекен жайы мен құжаттары жоқ 152 адамды  қабылдап-тарату орындарына, 162 адамды медициналық айықтырғышқа, 262 адамды әкімшілік тұтқындалғандарға арналған арнайы қабылдау орындарына орналастырды.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында 19-24 наурыз аралығында еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларда, жолаушылар пойыздарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Көліктегі ІІД жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді.  

  

  

Соңғы жаңалықтар