Көлік сақшылары қоғамдық орындарды ластаушыларға жазаны күшейтті

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының қоғамдық орындарды ластаумен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында
None
None

Көліктегі ішкі істер департаменті кешенді жұмыстар атқаруды. Атап айтқанда, көпшілік пайдаланатын орындарды ластау, оның ішінде тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілерінің және қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылатын басқа да осындай әрекеттердің алдын алу мақсатында теміржол вокзалдары мен әуежайлар, перрондар, сондай-ақ жолаушылар пойыздарында құқықтық тәртіпті қадағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.  Бұл туралы   Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2012 жылғы 1 мамыр мен 19 қараша аралығында департамент бойынша ұсақ бұзақылықтың 556 фактісі анықталды,  олардың 178-і көпшілік пайдаланатын орындарды ластаумен, белгіленбеген орындарда қоқыс тастаумен байланысты болды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 178 құқық бұзушының 131-іне жалпы сомасы 713766 теңгеге (өндіріп алу 100 пайыз) айыппұл салынды, 47 адам әкімшілік қамауға  жабылды.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін - 371 тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар