18:45, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Көлік сақшылары жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымына қатысты 63 қылмысты анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Көліктегі ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысты 63 қылмысты анықтады. Оның ішінде 29-ы есірткіні сату фактісі және 8-і контрабандалық жолмен тасымалдау болып табылады. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 41 келі әртүрлі есірткі заттары тәркіленді.
Жақында, жедел-іздестіру шарасы барысында Шу стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шу стансасының темір жол вокзалы өткелінде өтпелі көпір маңында Жамбыл облысының Д. есімді тұрғыны ұсталды. Күдіктінің жеке заттарын тексеру кезінде, салмағы 2,55 грамм болатын «героин» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.