13:39, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Көлік саласындағы жобаларға әлемнің бес ірі банкі қатысатын болады? С.Ахметов
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Министрлік автожол саласындағы жалпы сомасы 455 млрд. теңгені құрайтын төрт ірі концессиялық жоба бойынша тендерлік рәсімдеу жұмыстарын бастады.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде теміржол саласында қолға алынған үш концессиялық жоба аясында 2009 жылы ? 35 млрд., 2010 жылы ? 54 млрд. және 2011 жылы 47 млрд.теңге көлеміндегі инвестициялар тартылатын болады. 420 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттен тыс инвестициялардың займ ретіндегі қаржыны әлемнің бес ірі қаржы институты - Дүниежүзілік банк, Еуропалық даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі және жапондық ірі банк бөліп бермек», - дейді С.Ахметов
Оның айтуынша, осы ақшаға ұзындығы 1644 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа ? Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің учаскелерін қаржыландыру жоспарланған. 2009 жылы дәлізді қайта жаңартуға 34,2 млрд.теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сондай-ақ бұл займ ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Қызылорда облысында (789 км), Жамбыл облысында (183 км) және Алматы облысында концессиялық негізде Алматы-Қорғас учаскесінде жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді .