Көлік төртінші қабаттан құлады, жүргізуші аман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балтиморда 23 жастағы Audi Q5 жүргізушісі көпдеңгейлі тұраққа темір тұлпарын қойып жатқанда көлікті басқара алмай, ғимараттың төртінші қабатынан құлап кетті.

Көлік төртінші қабаттан құлады, жүргізуші аман

Бейне бақылау камералары түсірген жазбадан әйелдің аман қалып, көліктен шыққанын көруге болады.

Линдси Тейлор Кук жеңіл жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне босатылды.

Абырой болғанда, оның көлігі құлаған сәтте жаяу жүргіншілер жолында адамдар болмаған.

14 наурызда Тоусон қаласында орын алған оқиғаның видео жазбасы Балтимор округі полициясының рұқсатымен бейсенбіде жарияланды.