Көлік тұрағы күзетшілерін ит талады, бірі жан тапсырды

АЛМАТЫ. 22 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда таңғы сағат 4-те күзетілетін көлік тұрағының аумағында вольерінен шығып кеткен ротвейлер тұқымды ит күзетшілерге тап берді.

Көлік тұрағы күзетшілерін ит талады, бірі жан тапсырды

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Салдарынан алған жарақаттардан 35 жастағы ер адам 7-ші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал төбеттің қожайыны болып табылатын екінші күзетші ауруханаға жатқызылды.

«Буран-77» сақшылық көлік жасағының қызметкерлері иттің көзін құртты. Олардың әрекеті ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңының 61 бабы, 6 бөлігіне сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда процессуалды шешім қабылдау мақсатында тергеуалды шаралары қолға алынды.