Көлік ұрлаумен айналысқан 17 қылмыстық топ әшкереленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері көлік ұрлаумен айналысқан 17 қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік ұрлаумен айналысқан 17 қылмыстық топ әшкереленді

«Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде биыл көлік ұрлығының 13,3, ал көлікті айдап кету қылмыстарының 17,8 пайызға төмендегені байқалады. Жыл басынан бері автокөлік ұрланғаны үшін 749 адам, оның ішінде 17 қылмыстық топ ұсталды», - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Осы ретте полиция шенеунігі көлік иелеріне қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауға кеңес береді. Яғни, көлік есігін ашық қалдырмау, түнде көлікті гаражға немесе күзетілетін автотұраққа қою, ұрлыққа қарсы дабыл жүйесін орнату, көлік ішінде бағалы заттар мен құжаттар қалдырмау, жеке тұлғадан автомобиль сатып алған кезде құқық белгілеуші құжаттарын беруді талап ету қажет.