Көлік үшін зейнеткердің өмірін қиған күдікті құрықталды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Жалағаш ауылының 25 жастағы тұрғынын құрықтады.
None
None

Қолға түскен жігіт автокөлікті иелену мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының 64 жастағы тұрғынын өлтіргендігі анықталып отыр.

«Қарт кісі мамыр айының соңында із-түссіз жоғалып кеткен. Денесінде үш пышақ жарақаты бар жәбірленушінің мәйіті Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы Темирлановка ауылының шетінде табылған. 64 жастағы зейнеткер «Опель-Вектра» автокөлігінде жеке тасымалдау қызметімен айналысқан. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Тергеу амалдарының нәтижесіне сәйкес, күдіктінің сыбайластары болған деген болжам бар. Қазір оларды анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Жәбірленушінің автокөлігі тұрған жерді анықтау жұмыстары да жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар