Көлік және коммуникация министрлігі: Ақмола облысында «Щучинск-Бурабай курорттық аймақ» автожолы ашылды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 12 қарашада Ақмола облысында ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев және Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың қатысуымен «Щучинск-Бурабай курорттық аймағы» автомобиль жолының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

Анықтамалық: Жолдың жалпы ұзақтығы - 9 км, жобаның құны - 5,7 млрд. теңге, іске асырылуы мерзімі - 2009-2011 жылдары. Бас мердігерлер - «Казахдорстрой» ЖШС,
«К-Дорстрой» АҚ.

Б.Камалиев өз сөзінде осы жобаның аймақ тұрғындары ұшін маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында көлік және коммуникация министрлігі өзге де ірі жобалардың іске асырылып жатқанын айтты.

Елбасының тапсырмасымен 2015 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,8 триллион теңге немесе 19 млрд. АҚШ доллар 63 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.

Осы мерзімде 1,5 мың км жаңа темір жолын салып, 1,8 мың км темір жолын электрофикациялау, 50 мың км-ден астам автомобиль жолын салу және қайта салу, әуежай инфрақұрылымын қайта салып, модернизациялау, ұлттық теңіз сауда флоты мен теңіз порттарын дамыту жоспарланған.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылының өзінде көлік саласында Қорғас - Жетіген және Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара темір жол құрылыстары аяқталуда. Биылғы жылы 750 км-рі салынып біткен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега-жобасы да ауқымды қарқынмен іске асырылып жатыр.

Астанада өткен Қазақстанның Көлік Күндері аясында «ТРАНСЕУРАЗИЯ - 2011» Сегізінші Халықаралық конференциясы, ТМД мүше-мемлекеттерінің Үйлестіру көліктік кеңесінің ХХХІ отырысы, Азия Ынтымақтастық Диалогының (АЫД) 1-ші Көліктік форумы, «ТранзитҚазақстан-2011» халықаралық көрмесі, «Жібек жолы 2011» халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы өтті. Аталған іс-шараларға 42 мемлекеттің 500-ден аса өкілдері қатысты.

Жалпы биыл автожол саласындағы қаржыландыру көлемі 258 млрд. теңгені құрады, соның ішінде, республикалық желілерді дамытуға 190 млрд. теңге және жергілікті жолдар желісіне 68 млрд. теңге қарастырылған. Жалпы алғанда 5 мың километрден аса жолда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Ақмола облысында 2009 жылы Қазақстандағы алғашқы алты жолақты жоғары жылдамдықты «Астана - Щучинск» автомагистралі пайдалануға берілді. Бұл жол екі қала арасында жолдағы уақытты 2 есеге қысқартты, апаттылық та екі есе азайды. 2010 жылы төрт жолақты Щучинск - Көкшетау трассасының құрылысы аяқталды.

Облыстағы туристік кластерді дамыту шеңберінде Елбасының тапсырмасы бойынша 2009 жылдан бастап «Щучинскінің айналма жолы» деп аталатын «Щучинск - Бурабай демалыс аумағына кіреберіс» автомобиль жолының құрылысы басталды. Бұл жол Щучинск қаласының көше жол желісін босата отырып, қаланы айналып өтеді және Бурабай курорттық орталығының тартымдылығын арттырады. Бұл жоба жылдамдатылған қарқынмен жүзеге асырылуы құрылысты 2 жыл ішінде аяқтауға мүмкіндік берді.

Өткен жылы алғашқы «Астана - Щучинск» автожолымен қиылысатын екі километрлік учаскесі тапсырылды. Енді ұзақтығы 7 км болатын екінші учаскесі тапсырылуда. Жолдың құрылысы барлық қауіпсіздік талаптарына сай жүзеге асырылды. Жолдың өн бойында қоршаулар, елді мекендерден өтетін учаскелерде жарық орнатылып, түрлі деңгейдегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынды.

Жалпы, министр Б.Камалиев Ақмола облысы бүгінгі күні ірі автожол жобаларын іске асыруда және заманауи технологияларды ендіруде көшбасшы болып танылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, жақын уақытта Көкшетау қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта салу жобасын аяқтау жоспарлануда. Бұл бүгінгі күні қазақстандық компаниялар пайдаланып жүрген Боинг, Эйрбас сияқты барлық әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Әуежай инфрақұрылымын жетілдіру жөнінде жұмыстар аяқталған соң халықаралық дәреже беру мүмкіндігі қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар