Көлік және коммуникация министрлігі: Көліктік бақылау органдары басшыларының, тасымалдаушылар қауымдастығы өкілдерінің бірлескен отырысы өтті
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жолаушылардың, көлік құралдарының еркін жүруі мен тауар өнімдерінің алмасуы үшін аумақ құру, сонымен бірге халықаралық автомобиль тасымалдаушылары үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында көліктік бақылау 2011 жылдың 1 шілдесінен Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстырылды.
Қазіргі кезде көліктік (автомобильдік) бақылауды Кеден одағының сыртқы шекарасында жүзеге асыру жөнінде үш жақты қол қойылған Келісімді бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Отырыс барысында Кеден одағы шеңберіндегі көліктік бақылауды жүзеге асыру, көлік құралдарының салмақ-габариттік параметрлерін үндестіру мәселелері, сонымен қатар Кеден одағы елдерінің құрамына кірмейтін мемлекеттердің тасымалдаушыларымен жіберілетін рұқсат беру жүйесінің тәртібін бұзу әрекеттері қаралды.
Аталған шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының көліктік бақылау органдары жетекшілерімен отырыс хаттамасына қол қойылды.