20:00, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Көлік және коммуникация министрлігі: Қытай Қазақстанда жол құрылыс техникасын жасайтын зауыт салуды ұсынды
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 13-де ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков Қытайдың жол және көпір құрылысы корпорациясының өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында Қытай корпорациясының Қазақстандағы өкілі Чжан Цзюньу Қазақстанда жол құрылысы техникасын шығаратын жаңа зауыт салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Д. Көтербеков қазіргі таңда республикадағы қолданылатын техниканың 30 пайызы Қытайдан әкелінетіндігін атап өтті. Сондай-ақ 2010 жылы автомобиль жолдарының құрылысы қарқындай түсетіні жайында айтылды. Осыған орай арнайы техника мен қосалқы бөлшектер қажеттілігі күрт өсетіні туралы сөз қозғалды. Кездесуді қорытындылай келе екі жақ зауытты салу және аталған жобаны іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарын жасауды қарастыруды ұйғарды.