Көлік және коммуникация министрлігі: Шығыс Қазақстанда көлік қатынасы ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты қайта күрделенді

- 17 ақпаннан бастап Өскемен - Риддер - Ресей Федерациясының шекарасы және Өскемен - Шемонаиха - Ресей Федерациясының шекарасы автожолдарынан басқа Шығыс Қазақстан облысының барлық автожолдары;
- 17 ақпаннан бастап Алматы облысының Үшарал - Шығыс Қазақстан облысы учаскесінің Алматы - Өскемен автомобиль жолы;
- 18 ақпанның сағат 11.00-ден бастап Астана - Петропавл автомобиль жолының Астана - Щучье (км 18-233) учаскесі;
Республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қарды тазалау жұмыстарын «Қазақавтожол» РМК-ның құрылымдық бөлімшелері жүргізуде. Оған 64 қар-тазалау техникасы жұмылдырылған.
Шығыс Қазақстан облысында аса жағдай қиындап тұр, себебі тазаланған жолдарды қайта қар басуда. «Қазақавтожол» РМК-ның Шығыс Қазақстан филиалының күшімен қар қапасынан адамдар мен машиналар құтқарылып, елді мекендер арасында машиналарды колонналармен алып жүру жұмыстары жүргізілуде. Техника тәулік бойы жұмыс жасауда.
Қазіргі уақытта 80-нен астам машина топталып қалды, олардың ішінде Алматы - Өсекемен автожолының 934 км Жаңғызтөбе ауылының жанында қалған 3 автобус бар. Төтенше жағдай қызметі мен жол полициясы жедел құтқару жұмыстарын жүргізу үшін машиналар жиналған өзге де жол учаскелерді анықтаумен шұғылдануда.
Республикалық маңызы бар басқа автожолдарда қозғалыс ашық.