Көлік және коммуникация министрлігінде ЕҚЫҰ 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының Бірінші дайындық конференциясы мәселесі бойынша ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесу өтті
Сонымен қатар, кездесуге Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов шақырылды, деп хабарлады ККМ баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында министр Ә.Құсайынов ЕҚЫҰ-ның Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азия елдерін біріктіретін, қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын дүние жүзіндегі ірі өңірлік ұйым екенін атап өтті. ЕҚЫҰ экономика және экология сипаттарын қоса, қауіпсіздік мәселесін жан-жақты тұрғыдан қарастырады.
2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге сайлануы Қазақстанның дүниежүзілік аренадағы беделінің жоғарылай түскендігінің айғағы.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, ЕҚЫҰ-да төрағалықты қабылдаған ел, осы ұйымның беделін нығайтып, жоғарылата түсу үшін ЕҚЫҰ-ның іс-қимылына қандайда бір сонылық енгізуі қажет.
ЕҚЫҰ-ның қолданыстағы күнтізбесіне сәйкес, экономика-экологиялық кеңістікте Қазақстанның төрағалығы басталып кетті. Қазіргі уақытта Қазақстан ЕҚЫҰ-да төрағалық ету кезеңіндегі міндеттерді дайындау және орындау жұмыстарын жүргізуде.
ЕҚЫҰ-ның екінші экономикалық-экологиялық кеңістігіндегі Қазақстанның төрағалық етуінің негізгі басым тақырыбы -ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттердің көліктік мүмкіндіктерін дамыту және трансконтиненталдық көліктік дәліздер. Сонымен қатар, бұл тақырып транзиттік тасымалды жүзеге асыру барысында қиындықтарға тап болып, ЕҚЫҰ-ның теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ қатысушы мемлекеттер үшін өте өзекті болып табылады.
ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономикалық-экологиялық форумының «ЕҚЫҰ өңірінде шекаралар тоғысу пункттерінде тиісті басқаруды ілгерілету, жердегі көлік қауіпсіздігін жоғарылату және халықаралық автомобиль мен теміржол көлігі қатынасын жеңілдету» мәселесі тақырып ретінде белгіленді.
Форум төрт кезең бойы өтеді. 2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Бірінші дайындық конференциясын өткізу жоспарлануда. 2010 жылғы қаңтар айында Вена қаласында Форумның бірінші бөлімі, наурыз айында Минскіде екінші дайындық конференциясы, сол жерде 2010 жылғы мамыр айында Форумның Екінші бөлімі өткізілуі жоспарлануда.
Кездесу барысында тараптар ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономикалық-экологиялық Форумының Бірінші дайындық конференциясына сапалы дайындық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономика-экологиялық Форумының Бірінші дайындық конференциясын ұйымдастыру мәселелері, сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігі және ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп Астана қаласында 2009 жылғы 11 тамызда өткен «Жеке тұлғалық емес тосқауылдар. Проблемалары мен тығырықтан шығу жолдары. Көліктік тасымалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында жасақталған «Жеке тұлғалық емес тосқауылдарды жою бойынша іс шаралар жоспары» жобасы талқыланды.
Кеңесте қарастырылған негізгі құжат - ЕҚЫҰ-ның 18-ші экономикалық-экологиялық Форумының Бірінші дайындық конференциясының Күн тәртібінің жобасы.
Кездесудің қорытындысы бойынша Конференцияны өткізу барысында өзара іс-қимылды біріктіру келісіміне қол жеткізіліп, талқылаудың қорытындысы бойынша аталған іс-шараға сапалы дайындық жасау жөнінде сындарлы ұсыныстар қабылданды.