Көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рулге отырған жамбылдық ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мас күйінде автокөлік жүргізгіні үшін жүргізу құқығынан айырылған тұрғын қайта рулге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рулге отырған жамбылдық ұсталды

Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған «Ауди 100» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 37 жастағы жүргізуші 2019 жылдың қаңтарында Талас аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқару) 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылған.

Аталған факт бойынша Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс полицейлері 586 мас жүргізушіні ұстаған.