Көлікке қарулы шабуыл жасаған бес қылмыскер 10 жылдан 16 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық сот шешімімен Көкшетау-Омбы бағытында көлікке қарулы шабуыл жасаған бес қылмыскер 10 жылдан 16 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысты топ мүшелері Көкшетау-Омбы бағытында аса ірі көлемде ақша алып келе жатқан көлікке қарулы шабуыл жасаған. Ал олар ақпаратты ақша тиесілі «Баско» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізуші болып істеген азаматтан алған көрінеді. Қылмыскерлер көліктерінің номерлерін ауыстырып, шолақ мылтық, газ балонмен қаруланып, «оңай олжа» табуға шығады. Күре жол бойында жолды кесіп, бөгесін жасаған. Қару қолданып, жүргізушіні мерт қылады. 3 миллион 400 мың теңге салынған қапшықтарды алып, іздерін суытып үлгерген. Осылайша Көкшетауға бір банкке әкеле жатқан ашқа сұғанақтар қолында кеткен болатын. Енді міне, күдіктілер қолға түсіп, сот үкімі шығарылды. Сот шешімімен айыптылар жазасын алып, мерт болған жүргізушінің отбасына 600 мың теңге, серіктестікке 1 миллион 946 мың теңге көмелімде моральдық шығын өтеу міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар