Көліктегі ІІД-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Департамент бастығы полиция полковнигі Берік Бисенқұлов жеке құрам мен Ішкі істер органдарының ардагерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.
Аталған іс-шарада Көліктегі ішкі істер істер департаментінің жеке құрамы алдында «Нұр Отан» партиясының өкілі Қ.М. Қазкенов «Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың саясаты мен еңбек жолы» туралы әңгімеледі.
Биыл Еліміз екінші рет 1 желтоқсанда - ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтпек. 1991 жылы дәл осы күні қазақстандықтар жалпыхалықтық сайлау арқылы президенттікке Н.Ә. Назарбаевты сайлаған болатын. Біз Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерін Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Ол Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы, халқымен таңдалынған тұлға», - деп атап өтті Берік Байболұлы.
Атаулы мереке қарсаңында Департамент басшылығы қызметте үздік деп танылған қызметкерлерді, соның ішінде, 23-қызметкерді грамотамен, 36-қызметкерді алғыс хатпен марапаттап, 63- қызметкерге алғыс жариялады. Салтанатты шараның соңында көлік сақшылары «Назарбаев феномені» атты деректі фильмді тамашалады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.