Көліктегі ІІД-де «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 25-27 тамыз күндері аралығында Конституция күні мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Шара мақсаты - еліміздің темір жол және әуе көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.

Көліктегі ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, жасалған қылмыстарға жедел ден қою және олар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін кезекші бөлімдердің жанынан күшейтілген жедел-тергеу топтары құрылды.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шаралар өткізіліп, мүлдем төзбеушілік қағидатымен жүру, қызмет көрсету аумағында орналасқан станциялардың парктерінде патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылады. Темір жол және әуе көлігі нысандарында бопсалау, қалта ұрлығымен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу, қылмыстық жауапкершілікке тарту және есепке алу мақсатында оларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Шара барысында темір жол және әуе көлігі нысандарын тексеру кезінде елімізде болу ережесін бұзған, ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтап, заңсыз көші-қонды ұйымдастырған құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Соңғы жаңалықтар