Көліктегі ІІД-де қылмысқа қарсы күрес бойынша семинар-кеңес өтті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД-де «Көлік нысандарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде департаменттің желілік органдарының қызметін ұйымдастыру,
None
None

сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер банкін пайдалану туралы» семинар-кеңес өтті.

Бұл басқосуға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері мен ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері және департаменттің желілік органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

«Іс-шараның мақсаты - темір жол және әуе көлігі нысандарында құқық тәртібін тиісті қамтамасыз ету үшін ескерту-алдын алу сипатындағы шараларды әзірлеу жөнінде ұсынымдар дайындау», деді өз сөзінде Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов.

Бүгінгі таңда Қазақстанның жаңа экономикасы мен жаңа әлеуеттік бейнесін қалыптастырудың қазіргі заманғы шарттары көлік жүйесіне жоғары сапалы қызмет көрсету мен қауіпсіздікті нығайту бойынша жоғары талаптар қойып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуы да тегінен-тегін емес. Мемлекет басшысы: «Ұсақ қылмысқа мән берілуі керек. Әкімшілік жазалаудың алдын алу керек және әкімшілік жаза қабылдау қажет. Көшелерде барлық ұсақ құқық бұзушылар ұсталуы тиіс, олардың барлығы да өздерінің жазаланатынын білуі тиіс. Сонда тәртіп болады. Сонда үлкен қылмыстарға да жол берілмейді», - деп нықтап айтты.

Көліктегі ІІД қызметкерлері темір жол нысандарында қоғамдық тәртіптің сақталуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға ішкі істер органдарының басым міндеттері шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізуде. «Жұмысты ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс-шаралар жүзеге асырылуда», - деді Талғат Өтетілеуов. Мәселен, соңғы уақытта ескерту-алдын алу сипатындағы қабылданған шаралар нәтижесінде кісі өлтіру, тонаушылық тәрізді қылмыстарды жасауға жол берілген жоқ. Бопсалау фактілері айтарлықтай төмендеген. Сол сияқты темір жол вокзалдарында жасалатын қылмыстардың саны да азайған. Полиция полковнигі еліміздің көлік сақшыларының алдында әлі де атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстардың тұрғандығын тілге тиек етті.

Семинар-кеңесте қылмыстардың алдын алудағы өзекті мәселелер жан-жақты сараланды. Сондай-ақ, қылмыстарды анықтау және ашу әдістері, төтенше жағдайлар, лаңкестік фактілері туындаған кездегі қызметкерлердің әрекеттері, шетел азаматтарымен қарым-қатынас жасау т.б. жайттар талқыланды. Бұған қоса, әкімшілік полиция қызметкерлері семинар-кеңеске қатысушыларға құқық бұзушыларды электрондық есепке алуды енгізу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.

Соңғы жаңалықтар