Көліктегі ІІД Қылмыстық іздестіру қызметіне 95 жыл толу мерекесі атап өтілді

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Өйткені, қылмыскерлерді дер кезінде құрықтап, түрлі қылмыстардың ашылуына бірден-бір мұрындық болып жүрген қылмысты іздестіру құрылымдары қызметкерлерінің бүгінгі қоғамда атқаратын рөлі орасан. Көліктегі ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Берік Бисеқұлов мерекелік салтанатқа арнайы шақырылған ардагерлерді, онда жиналған жеке құрам мен өз ісінде айырықша қырағылық танытып жүрген жедел уәкілдерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт, ауыр да жауапты қызметтеріне табыстар тіледі.
Департамент Берік Байболұлы өз сөзінде: "Ғасырға жуық тарихы бар қылмыстық іздестіру қызметі өзінің өміршендігін, кәсіби шыңдалғандығын, ең бастысы - ішкі істер органдарының маңызды саласы екендігін дәлелдеді",- деді.
Сондай-ақ, әріптестерін Көліктегі ІІД қылмыстық іздестіру қызметінің ардагерлері де мерекемен құттықтады.
Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі Берік Бисенқұлов еңбегімен еленген полицейлерді Отан алдындағы мінсіз қызметі үшін төс белгілермен, ҚР ІІМ Құрмет грамоталарымен, департамент басшылығының мақтау қағаздары және алғысхаттармен марапаттады. Бұған қоса осы салаға бүкіл ғұмырын арнаған ардагерлерге де айрықша қошемет көрсетілді.
Мерекелік шараның соңы ән-күйге ұласты.