13:14, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Көліктегі ІІД қызметкерлері қыстық киім үлгісіне көшті
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қыстық киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқауға тұрғызылды. Дәстүрлі саптық байқау департамент ғимаратының алдында өткізілді. Айтулы шеруді КІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов басқарды.

Басшылар қызметкерлердің қыстық киімдерін, сырт келбетін, жинақылығын тексерді. Жеке құрамның барлығы дерлік киім кию үлгісіне байланысты арнайы бұйрықтың талаптарына сәйкес екендіктерін көрсетті.
Мұндай саптық байқаулар жылына екі рет, яғни, көктемде (жаздық киімге көшкен кезде) және күзде (қыстық киім үлгісіне көшкенде) өткізіледі.
Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.