Көліктерге жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру басталды

Жаңа үлгідегі МТНБ бұрынғыдай арнайы бағдарлама бойынша автоматты түрде берілетін болады. Атап айтқанда, жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің дизайны негізінде БҰҰ Конвенциясының жол жүрісі туралы талаптары қамтылған, оған сәйкес нөмірлік белгілерде ту және мемлекеттің айыру белгісі бейнеленген.
«Алдында берілген ескі үлгідегі нөмірлік белгілер тозғанша дейін қолданыста болады. Нөмірлік белгілерін беру үшін Салық кодексімен белгіленген мемлекеттік баж көлемі жаңа үлгідегі нөмірлік белгілерді енгізуге байланысты өзгертілмейді»,- деп атап өтті Жол полициясы Комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов.
Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар, жаңа үлгідегі нөмірлік белгілерді көліктерге берген уақыттан бастап ескі үлгідегі нөмірлік белгілер жоғалған немесе тозған кезде қайта берілмейді. Көлік құралын қайта тіркеп, жаңа үлгідегі нөмірлік белгілер берілетін болады.