Көлікті мас күйінде жүргізген бойжеткен ағашқа соғылып, қасындағы жолаушысының денсаулығына зақым келтірді - Астана ІІД

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Елордада ащы суды сіміріп алған 21 жастағы бойжеткен «Мерседес» көлігінің басқару тетігіне ие бола алмай, ағашқа соғылды.

Көлікті мас күйінде жүргізген бойжеткен ағашқа соғылып, қасындағы жолаушысының денсаулығына зақым келтірді - Астана ІІД

Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға салдарынан апатқа кінәлі нәзік жан бас жарақатымен емдеу мекемесіне жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол үйіне жіберілді. Ал оның аяқ-қолы сынып, басы жарақаттанған жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Астаналық ЖПБ баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік айыппұл тұрағына қаңтарылды. Масайған күйінде көлік басқарып, жолаушының денсаулығына зақым келтірген бойжеткенге Әкімшілік кодекстің 467 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік іс толтырылды. Ол 4 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы ықтимал.