Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін Қарағанды ІІБ бөлім бастығы үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Әкімшілік соттың шешімімен Қарағанды қалалық ІІБ мүліктік бөлімінің бастығы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады баспасөз мәслихатында Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлмира Қаженова.
None
None

«Полиция қызметкері көлікті мас күйінде жүргізгені және жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін айыпты деп танылды», деп атап өтті баспасөз хатшы.

Белгілі болғандай, жүгенсіз полицей өзіне тиесілі шетел автокөлігіне бөтен нөмірлерді іліп алған, бұл мезетте оны Жедел басқару орталығында байқап қалған. Аталмыш бейнетүсірілім сотта анықтама болды. Масайған жүгенсіз полицейдің автокөлігін ұстау үшін «Ұстау» жоспары іске қосылды.

Жол полицейлері хабарлағандай, олар көлікті қуып жеткенде, оның ішінен араққа лықа тойып алған полиция қызметкері шығып, өзінің соңын өкшелеп келгендерге «Жігіттер, өзіміз ғой» деген екен. Осы сөзімен жазадан құтылмақ болған полиция қызметкері тез арада медициналық сараптамаға жөнелтіліп, ол жерде оның мастығы ауыр дәрежеде екені анықталды. Жасалған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан ол, өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеумен болды.

Соңғы жаңалықтар