Көлікті Оралдан айдап кетіп, Ақжайық ауданында ұсталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 23 қараша күні сағат 20.00 - 22.00 шамасында Орал қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында белгісіз біреу оралдық тұрғынға тиесілі «Нива» автокөлігін айдап әкеткен.
None
None

Сол бойда барлық ішкі істер бөлімдеріне хабар жіберіліп, іздестіру шаралары басталды.

Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 24 қараша күні сағат 17.00 шамасында қолды болған автомашинаны Орал-Атырау жолының 118 километрінде Ақжайық аудандық әкімшілік полициясының қызметкерлері Сәбит Айтуаров пен Эльдар Манашев байқап, тоқтатады. Рульде отырған бұрын сотталған, оралдық Н. болып шықты. Ол бұрын да осындай қылмысты жасап, «дәніккен» екен.

Күдікті Орал қалалық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар