Көліктік инфрақұрылымдардың жаңғыртылуына 2020 жылға дейін 60 млрд доллар шамасында инвестиция тартылады

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» атты II халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форум барысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Асқар Мамин мәлім етті.
«2015 жылы 2 787 шақырымдық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автожолының құрылысы аяқталады. Көліктік инфрақұрылымдардың және логистикалық активтердің дамуы мен жаңғыртылуына 2020 жылға дейін 60 млрд. АҚШ доллары сомасында инвестиция тартылады. Қазақстан Республикасындағы барлық көліктік активтерді, магистральді инфрақұрылымдарды және терминалдарды бірлескен кешенге ықпалдастыру көзделіп отыр», - деп атап өтті ол.
А.Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта қосымша құн салығы салынатын тауарларды жылдам әрі қауіпсіз жеткізу - ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан Қазақстан жаңа, бәсекеге қабілетті көліктік қызмет көрсетуі шарт.
«Осы орай біз контейнерлік тасымалдаудың жаңа түрін енгізіп отырмыз. Оның негізінде кесте бойынша шыққан пойыздың уақытын жоспарлауға мүмкіндік беретін технология енгізіледі», - деп атап өтті ол.
Қазіргі уақытта Еуропа-Азия бағытында тұрақты түрде 14 контейнерлік шатл-пойыз жүреді. 2014 жылдан бастап Сиянь-Өзбекстан және Шенжень-Еуропа бағытында тағы екі бағытты іске қосу жоспарлануда.