Көліктің ағашқа соғылуы салдарынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автомобиль апаты болған жерге жедел қызмет келіп, оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.

Көліктің ағашқа соғылуы салдарынан төрт адам қаза тапты

Жол апаты бүгін күндіз Мәскеу түбіндегі Рузкий ауданында болды. Старая Руза елді мекенінде жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік басқару қабілетін жоғалтып, ағашқа соғылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан төрт адам қаза тапты. 

Фото: © РИА Новости/Наталья Селиверстова