13:42, 08 Маусым 2025 | GMT +5
Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатқанын жазған едік.